You are here

«Жолың ашық болсын!»

29.05.2017, 17:11   209

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Мамыр – соңғы қоңырау соғылатын ай. Көкшетау қаласының поляк білім беру орталығында да соңғы қоңырау соғылды. Мерекеге арналған салтанатқа Қоғамдық келісім сарайына поляк мәдениетін сүюшілер, ата-аналар, достар, мұғалімдер жиналды. Сонымен қатар дәл осы күні Польшада Аналар күні тойланады, сол себепті барлық аналар залда ду қол шапалақпен бір бір құшақ гүлдерге ие болды.

Ұйымдастырушы, Ақмола облысының поляктар бірлестігі төрағасының орынбасары Людмила Суховецкаяның бастамасымен мюзиклдың барысы 1936 жылы «Ностальгия» кафесінде өтеді. Келушілер нағыз 20 ғасырдың атмфосферасын сезінді: ән айтылып, гүл сатушысы жүріп жүр, ханымдар өздерінің бас киімдерімен сыпайы амандасуда…

Өткен жылдардың әндері мен өлеңдері айтылып, сахнада вальс билеген жұптар жүр. Соңғы әнде барлық қатысушылар сахнаға шығады. Өз сөзінде Ақмола облысы поляктар бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий барлық қатысушылардың өздерінің тіл білімін көрсеткенін, ондағы мұғалімдер Рената Шенявска мен Наталья Крупельницкаяның еңбегінің зор екенін атап өтті. Польшадан келген волонтер, мұғалім Рената Шенявсканың баяндамасы өте әсерлі болды, ол көзіне жас алып, Қазақстанның ол үшін ерекше қымбат екенін айтты: бұл жердің адамдары керемет, дос және тату. Жақында ол өз отанына кетеді, бірақ біздің еліміз оның жүрегінде ерекше орынға ие болды…

ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері төрайымы Зере Қиықованың бастамасымен барлық қатысушыларды Аналар күнімен және соңғы қоңырау күнімен құттықтады: «Барлық оқушылар мен ата-аналарға денсаулық, сәттілік, барлық мақсаттарына қол жеткізулерін тілейміз!»

Солай ақ болсын! Жолдарың ашық болсын, түлектер!

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15