You are here

Жас аналар клубының ашылуы.

21.12.2017, 16:43   225

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы аналар Кеңесінің бастамасымен, Көкшетау қаласының №6 «Нұрай» балабақшасында жас аналар клубы ашылды.   

«Өз баласының тұлғалық дамуына қажетті ақпараттарды дұрыс таңдап, өмірде қолдана білу ісінде ата-аналарға ақпараттық және тәжірибемен тексерілген көмек қажет, осы ретте аналар кеңесінің орны ерекше», - дейді балабақша меңгерушісі Айгүл Маментикова. Жас аналар клубының жұмысын ұйымдасырудың негізінде жатқан  мақсаттар:  баланы тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың педагогикалық мәдениеттерін арттыру, отбасы тәрбиесінің үздік үлгілерін насихаттау, ата-аналар ұжымын біріктіру, дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауға бағытталған отбасы институтының жұмысын жетілдіру саналады.

ҚХАА-ның жанындағы аналар Кеңесінің төрайымы Зере Қиықова іс-шара қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде: «Тәжірибе көрсетіп отырғандай,  қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі ол – ең алдымен жас отбасыларға қатысты сұрақ болып есептеледі. Көптеген жас отбасылар баланың балабақшадағы өмірі мен оның психологиялық дамуының заңдылықтарын жетік біле қоймайды.  Сондықтан да аталмыш жас аналар клубын құру және оның жұмысын бұдан әрі дамыту, жас ата-аналар мен кәсіби маман есептелетін тәрбиешілердің бірлесе, хабарласа отырып жұмыс істеуіне, өзара тәжірибе алмасуына жол ашады», - деп атап өтті.

Жас аналар клубының төрайымы болып Айгерім Белгімбаева тағйындалды. Іс-шара одан әрі «Нұрай» балабақшасының тәрбиеленушілері қойған шағын концертпен жалғасты.

Дата события Ассамблеи: 

Бейсенбі, 21 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15