«Ұлы дала әуендері»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында «Қазақ тілі мен әдебиеті» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қолдауымен Тәуелсіздік күні қарсаңында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында «Ұлы дала әуендері» атты мәдени-сазды кеш өткізілді.

Кештің басты мақсаты өскелең ұрпақ арасында халық шығармашылығын кеңнен насихаттау болып табылады.

Аталмыш кештің ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова, жиналған қауымды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, еліміздің мәдени және рухани өмірінде ән өнерінің алар орны ерекше екендігіне тоқталып өтті.

«Ұлы дала әуендері» кешінде кербез сұлу Көкше өңірінің жас дарабоздары Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің, Біржан сал музыкалық колледжінің, Ақан сері мәдениет колледжінің студенттерімен, Көкшетау қаласы №3 М. Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен бір сахнада ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткерлері Болатбек пен Мара  Есмұқановтар, Хасенов Сәрсенбай сынды  өңіріміздің белді өнер жұлдыздары ән шырқады.

Сонымен қатар кеш барысында ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәтенқызы жетекшілік ететін ән үйірмесінің тәрбиеленушілері ең алғаш рет көрермен алдында өнер көрсетті.

Бұл кеш ұлы ғалым, академик Ахмет Жұбанов атамыздың «Қазақ халық әндері жүрекке жақын, адамды өзіне тартады. Олар атаққұмарлық үшін емес, табиғаттың өзімен жазылғандай»,- деген сөзін тағы бір растағандай болды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.