Тәуелсіздіктің замандастарына арналған күн

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Көкшетау қаласының төрінде орналасқан РИО ойын-сауық орталығында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен, «Ақмола облысының қазақ-түрік достығын және мәдениетін дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шараға Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының студент жастары, тәуелсіздіктің замандастары, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, шақырылған қонақтар, бұқаралық ақпарат өкілдері, сонымен қатар Қазақстандағы Әзірбайжандықтардың Көкшетау қаласындағы филиалының жетекшісі Шахалиев Назим Абыоғлы, «Ақмола облысының қазақ-түрік достығын және мәдениетін дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фатих Экиджи және қоғамдық бірлестіктің үйлестірушісі Бегайдар Молдахметов қатысты.

Бұл шара Тәуелсіздік күні қарсаңындағы байқау шараларының жеңімпаздары - Тәуелсіздіктің замандастарына құрмет көрсету мақсатын көздеді.

Іс-шараның барысында түрік, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жастарға арналған ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Жеңімпаздарға ұялы телефон, плазмалық теледидар, кәдесыйлар, естелік сыйлықтары, сонымен қатар Көкшетау қаласының орталығындағы «Ата-жұрт» мейрамханасында ғашықтардың түрік стилінде кешкі ас ішуіне арналған сертификат берілді. Сайыстардың арасында «Қоғамдық келісім» сарайының бишілері мен әншілері келушілердің көңілдерін көтеріп, өздерінің қызықты және әсерлі концерттік музыкалық бағдарламасын ұсынды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.