You are here

Тәтті мереке

29.09.2017, 11:23   300

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Чак-чак-байрам» мерекесі 2008 жылы татар жастарының дүниежүзілік форумында пайда болып, сол уақыттан бастап күллі әлемде атап өтіледі. Көкшетау қаласы да бұл мерекеден тыс қалған жоқ. Бұл жерде чак-чак мерекесі дәстүрлі іс-шараға айналып, «Қоғамдық келісім» КММ және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Ақмола облысы татарлары мен башқұрлары қоғамдық бірлестігімен 3 жыл бойы аталып өтуде.

Бірлестіктің төрағасы Рафаил Сулькарнаев өз қуанышын жасырған жоқ: мерекенің Көкшетау қаласынан тыс жерде де танымал болғаны қуантады, себебі оның дәлелі, Степногорск және Қостанай қалаларынан қонақтардың келуі болып отыр.

Мерекенің бағдарламасы қызықты және алуан түрлі: үстелдерге қош иісті дастархан жайылып, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлері қауымдастығының көрме-сатылымы белсенді жұмыс істеп, халық әндері айтылып жатты…

Концерттік бағдарламаны Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері достық биімен ашып, жүргізушілер болса көрермендерді қазақ, татар және орыс тілдерінде қарсы алды.

Үлкен мәдени-ойын сауық бағдарламаға «Ғалиябану» фольклорлық ансамблі, «Яшлек» би ансамблі, облыстық этномәдени бірлестіктердің әншілері қатысты. Барлық өнерпаздарды біздің ортақ үйіміз – Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімі біріктірді!

Бағдарламаны Көкшетау қаласы әкімінің, «Қоғамдық келісім» КММ-нің, Ақмола облысы татарлары мен башқұрттары бірлестігінің танымал отбасылық династияларының сыйлықтарын ұтып алуға арналған «Татар аспазшысы» байқауы жалғастырды. Ешкім сыйлықсыз қалған жоқ!

Келушілердің барлығы қош иісті чак-чактан дәм ауыз тиіп, барлық жерде күлкі мен: «Сіздердің өмірлеріңіз біздің тағамдарымыздай тәп-тәтті болсын!» деген ізгі тілектер естіліп жатты

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 29 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15