You are here

«Татуластыру үрдістерін дамыту. Мәселелері мен шешу жолдары»

08.09.2017, 11:26   134

Версия для печатиPDF versionEPUB version

- осындай атаумен «Қоғамдық келісім» КММ-де медиация сияқты маңызды және қажетті бағытты дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Ақмола облысының прокуроры, ІІД өкілдері, қорғаушылар, нотариустар, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, жергілікті сот судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Амиров, «дөңгелек үстелдің» жұмысын аша отыра, 2011 жылғы 28 қаңтарда ҚР «Медиация туралы» Заңының қабылданып, онда медиация – ол тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын медиатордың (медиаторлардың) қатысуымен даулы мәселені (жанжалды) реттеу үрдісі екенін атап өтті.

Д.Амиров Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сөйлеген сөзін еске салып өтті: «Қазақстанда соттан тыс делдалдың көмегімен тараптарды татуластыру үрдісі - медиация институты бекітілген. Ол екі жақ үшін тиімді шешімдер қабылдап, соттарды істерді қарастырудан босатуды жалғастыру үшін алғышарт болады. Аталмыш институтты дамытып, әлемдік дәрежеге жеткізу қажет».

Ағымдық жылдың 7 айы ішінде облыстың соттары 27 454 қылмыстық, азаматтық және әкімшіліктік істерді шешті, олардың ішінде медиацияны қолданумен 851 іс қарастырылған, ол 3,1 пайызды, республикалық көрсеткіш 4,0 пайызды құрайды, осыған байланысты өңірде аталмыш бағыттағы жұмысты белсенділендіру қажет деп Д.Амиров атап өтті.

Татуластыру үрдістерін дамыту мақсатында Ақмола облыстық соты «Қоғамдық келісім» КММ бірге Достық үйінің сайтында «Медиаторға өтінім білдіру» қызметін ұйымдастырды. Бұл қызметтің жұмысы туралы Ақмола облысы бойынша Соттардың әкімшілігінің ақпараттық технологиялар мен ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы А.Макишев толығырақ айтып берді.

Іс-шараның барысында қызметтен кеткен судья Ғ. Сыздықова «Өңірдегі медиацияны дамытудың бөлек мәселелері» тақырыбында, «Ақмола облысы бойынша медиацияны дамыту орталығы» РҚБ өкілеттілігінің директоры А. Әміржанов «Медиацияның мәселелік сұрақтары» тақырыбында, Ақмола облысы бойынша медиация орталығының басшысы А. Қазыбеков «Медиаторларды дайындау мәселелері» тақырыбында, қорғаушылар коллегиясының қорғаушысы С. Дүкенова «Татуластыру үрдістерін дамытудағы қорғаушылық саланың рөлі» тақырыбында, нотариалдық палата өкілі Н. Кубитаева «Нотариалдық қызметтегі медиация» тақырыбында, Ақмола облысы ІІБ аймақтық бақылау тергеушісі Г.Кабибуллина медиация мәселелері бойынша баяндама оқыды.

«Дөңгелек үстел» аяқталған кезде қатысушылар кәсіби емес медиаторлар санын арттыру мәселелерін талқылап, сәйкестендірілген ұсыныстар енгізді.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 8 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15