You are here

«Шаңырақ»

29.05.2017, 18:05   188

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Шаңырақ - Көкшетау қаласының тілдерді оқыту мектебі осындай атаумен жұмыс істейді. Атауды таңдаудың өзі кездейсоқтық емес – ол өздерінің туған тілін білгісі келетін шамамен 200 шақты ұл мен қызды біріктірді. Қазіргі уақытта бұл жерде 9 тілді оқытады: қазақ, орыс, неміс, поляк, әзірбайжан, инғұш, армян, чуваш және татар. Тілдермен қатар бұл жерде елтануды зерттейді, оның барысында Қазақстан халықтарының тарихымен, өнерімен, әдебиетімен, салт-дәстүрлерімен айналысады.

Соңғы қоңырау мерекесіне орай «Шаңырақта» әсерлі концерттік бағдарлама дайындалды: бұл жерде алдағы «Экспо-2017» көрмесі туралы және поляк сыныбының балаларымен орманға саяхаттау туралы айтатын Білгіш те бар, неміс тілі сыныбының теңіз саяхатшылары да бар, әсерлі билер мен құлақ құрышын қандырар әндер де бар. Барлық 9 тілде өлең оқылған әдеби монтаж өте жоғары дәрежеде дайындалды!

 Мектептің басшысы Күлтай Кәрімжанованың айтуынша, өткен оқу жылында 35 астам іс-шара өткізілді: сынып сағаттары, ашық сабақтар, кино көрсетілімдері, ауызша журналдар...

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы Жаңыл Алтекова марапаттау салтанатын ашты: оқушылар құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Манат Исмағұлов балаларға жақсы демалыс өткізуді тілеп, келесі оқу жылының да жемісті болатынына сенімін  білдірді.

Оқушылардың біреуінің анасы Светлана Жиенбаевнаның сөйлеген сөзі барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Ол айрықша мектептің педагогтарына өзінің алғысын жаудырды. Этномәдени бірлестік өкілдерінің көпшілігі мектептің өміріне, тілдердің оқытылуына қызығушылық танытып, қолдау көрсететіні рас.

«Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі Қазақстанның көп ұлтты мәдениетін дамыту сияқты басты міндеттердің бірін керемет орындайды. Оның оқушыларына әрі қарай табыстар тілейік!

Татьяна Пяткова,

Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ әдістемелік бөлімінің басшысы,

Сурет авторы Татьяна Пяткова.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15