«Русская песня» халық ансамблінің мерекелік концерті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қарттар күні – ол мейірімді және жарқын мереке, ол күні біз жасы үлкендерді ерекше құрметке бөлейміз. Бұл мерекенің бүгінгі таңда маңызы өте зор, себебі ол қазіргі қоғамдағы қарт адамдардың көптеген мәселелеріне назар аудартуға мүмкіндік ашады.

7 қазан күні Көкшетау қаласының «Истоки» мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Русская песня» халықтық ансамблінің қарттар күніне арналған мерекелік концертін ұйымдастырды.

Жүздеген көрермендерді бір шаңырақ астына жинаған мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Бұл іс-шараның басты мақсаты отбасына деген сүйіспеншілікті, үлкендерге құрмет сезімдерін тәрбиелеу, қарт адамдардың демалысын ұйымдастыру болды. «Қарт адамның айлығы – «Біз жастық шақты мадақтаймыз» атауындағы мерекелік концерт оның жетекшісі Зоя Николаевна Авилованың басшылығымен орыс халқының халық әндерін орындаудан басталып, көрермендер орындаушылармен бірге қуана қуана ән шырқаумен болды.

Зия Николаевна «Адам өміріндегі бұл мезетті әдетте күзбен салыстырады. Бұл аңдау мен құндылықтарды қайта бағалау кезеңі. Сіздерге шын жүрегімнен денсаулық, шабыт, қуат, жан жылуын тілеймін! Сіздердің жылы және ашық күні жарқыраған күндеріңіз көп болсын, сіздерге махаббат пен жақындарыңның қамқорлығын тілеймін!» - деп, жиналған қауымды құттықтады.

Концерт жылы, тату атмосферада өтті, көрермендер мен орындаушыларға да көптеген жағымды эмоция сыйлады. Концерт аяқталған кезде орындаушылар жасы үлкендерді тағы да құттықтап, оларға денсаулық, сәттілік және бақыт тіледі.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 9 Қазан , 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.