You are here

Польша поэзиясының мерекесі

08.12.2017, 14:25   178

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Іс-шара «Қоғамдық келісім» сарайының салтанат залында өткізілді. Бұл іс-шараны ұйымдастырушы поляктар бірлестігінің белсенділері мен бірлестік жанындағы Людмила Суховецкая бастаған жастар қанаты болды.

Мерекелік іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы аудандарынан арнайы шақыртылған қонақтар келді. Кеш барысында республикалық мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары мен халықаралық «Kresy-2017» байқауының қатысушылары поляк халқы ақындарының туындыларын оқыды.

Мереке Әулие Миколайдың күні қарсаңында өткізілгендіктен қатысушылардың ешбірі сыйлықсыз қалған жоқ. Олар Ақмола облысы поляктары бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкийдің қолынан бағалы сыйлықтар алды. 

Өз сөзінде бірлестік төрағасы, Қазақстанда тұратын әрбір ұлт өкілі өзінің тілін, дәстүр-салтын танып білуге, оны көрсетуге мүмкіндігі болуы ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында екенін ерекше атап өтті. Сонымен қоса бүгінгі өткен поэзия мерекесінде оқылған өнер туындыларының ұлты мен ұлысына қарамастан әрбір жанға түсінікті болғандығын, өнердің әсіресе поэзияның ешбір шегі жоқтығын және мемлекетіміздегі әрбір ұлт өз туған тілімен бірге қазақ тілін де меңгеріп жатқандығын айтты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15