Отбасы – басты құндылық!

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөзімен айтатын болсақ, Қазақстан қоғамында әрбір отбасы ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын  ретінде рөл атқарған. Ол әрқашан қазақ халқының мәдениеті мен рухани дәстүрлерін сақтаушы болып қала бермек. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біздің елімізде бейбітшілік пен келісім орнығып, отбасы институты ерекше құрмет пен қолдауға ие болды.

Көкшетауда «Қоғамдық келесім» сарайында Ақмола облысының орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының облыстық филиалының ұйымдастыруымен және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен арнайы іс-шара өткізілді. Оның төрағасы Геннадий Осиненко өзінің алғы сөзінде аталмыш іс-шаралардың жиі өткізіліп отыратынын айтып, барлық отбасыларға татулық пен игілік тілейтінін жеткізді.

Оның айтуынша, іс-шараға шақырылған Терещуктер, Капирулиндер, Артемьевтер, Агеевтер, Никитиндер, Ахметовтар отбасылары, Иван Перерва мен Зура Шуатаева ерлі-зайыптылары адалдық пен махаббаттың үлгісі болып табылады, ал отбасы – ол бейбітшіліктің басты құндылығы, игіліктің негізі және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтаудың ажырамас шарты. Көкшетау қаласының құрметті азаматы Зура Шуатаеваның айтуынша, әр отбасында әйелге отбасы ошағын сақтаушы ретінде құрметті міндет жүктеледі.

Мерекелік іс-шараға 30 жылдан астам уақыт татулықта өмір сүріп келген отбасылар шақырылды. Олар ұйымдастырушылардың атынан бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Бурабай ауданынан келген әншілер мерекеге қатысушыларға өздерінің әндерін тарту етіп, қатысушылар көптеген жақсы әндерді бірге орындады, көптеген ізгі тілектер айтылып өтті. Жиналғандар отбасының - басты құндылық екенін тағы да бір сезінді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.