You are here

Орыс қоғамының «Жұлдызды» күні...

08.12.2016, 17:09   557

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойлы мерекесін тойлаудың қарсаңында «25 жұлдызды күн» жалпы республикалық науқанының шеңберінде 2016 жылдың 4-ші желтоқсанында Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында «Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен мерекелік іс-шара өткізілді.

Мемлекет Тәуелсіздігінің кезекті «жұлдызды» күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұстаздары ұйымдастырған кездесуге ұласты. Ұстаздар Достық үйінде өткізілген экскурсияда «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы Халықтық қолданбалы-сәндік шығармашылық қауымдастығы шеберлерінің жәдігерлерімен танысып, «Тәуелсіз Қазақстанның саяси-мәдени қоғамындағы орыс тілі» тақырыбы бойынша семинарға белсенді қатысты.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің орыс филологиясы мен кітапхана ісі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ольга Анищенко өз баяндамасында ресейлік-қазақстандық мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім берушілік ынтымақтастық, біліктілікті арттыру курстары мәселелерін қозғады.

Жоғары оқу орнының аға оқытушысы, орыс филологиясы мен кітапхана ісі кафедрасының доценті Сапар Қасенов сөздің құрылымына, мазмұнына және морфемалы талдау қағидаларына толығырақ тоқталды. 

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің орыс филологиясы мен кітапхана ісі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Фаткиева тілді оқыту әдістемесін енгізу мәселелері мен оның болашағы туралы айтып берді. Аталмыш кафедраның аға оқытушысы «Ұлттық саяси қоғамдағы мәдениет аралық байланыс» ғылыми үйірмесінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Жоғары оқу орнының орыс филологиясы мен кітапхана ісі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Наталья Локтионованың жетекшілігімен университеттің студенттері «Вначале было слово... » әдеби композициясын ұсынды.

Ресейдің Қазақстан Республикасындағы Ғылым мен мәдениет орталығынан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушыларына сертификаттар берілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко іс-шараның қонақтары алдында қорытынды сөз сөйледі.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде ұсынылған концерттік бағдарлама желтоқсанның аязды күнінде келушілерге жақсы көңіл-күй тарту етті!

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15