You are here

Орталықтың тұсаукесері өткізілді!

28.11.2017, 11:04   190

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Қоғамдық келісім» сарайында Ақмола облысының «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының тұсаукесері өткізілді. Оның ашылуы салтанатына Көкшетау қаласына Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы Камолудин Саидов және ҚР Тәжікстанның әскери атташесі Рустам Джумаев келді.

Облысымыздың этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы, Көкшетау қ. әкімінің өкілдері «Санги-Кабуд» орталығының ашылуымен құттықтау үшін келді.

Орталықтың жас болғнына қарамастан, оның белсенділері селолық округтердің командалары арасында футболдан облыстық байқаулар өткізді. Орталықтың төрағасы Умар Шоназаровтың айтуынша,  жоспарда жастар қанатын құру, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайту бойынша мақсатты бағытталған жұмыс атқару, сонымен қатар жастарды қазақстандық рухта тәрбиелеу сияқты шаралар баршылық.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова орталықтың өкілдерін жылы лебізбен қарсы алып, осы орталықтың облысымызда тіркелген этномәдени бірлестіктердің 53-шісі, ал «Қоғамдық келісім» ғимаратынан орын тапқан орталықтардың 16-шысы екенін атап өтті. Өз кезегінде, Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және уәкілетті өкілі Назирмад Ализода тәжік халқының дәстүрлері мен салттары туралы әдебиетті сыйға тарту етті.

Сонымен қатар орталықтың ашылуына арналған салтанатты іс-шарада Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова қазақтың дәстүрі бойынша қонақтарға шашу шашты. Қоғамдық келісім сарайы мен этномәдени бірлестік ұжымдарының шығармашылық ұжымдары өздерінің музыкалық өнерлерін жамағатқа тарту етті.

Сәт сапар, «Санги-Кабуд»! Халықтардың достығы мен бірлігін сақтау мен нығайтуда әрі қарай жетістіктерге қол жеткізуді тілейміз!

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15