You are here

Мәжіліс депутатымен кездесу

13.07.2017, 11:15   183

Версия для печатиPDF versionEPUB version

12 шілдеде «Достық үйінде» ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Тимощенко Юрий Евгениевичтің Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мүшелерімен және облыс орталығы қоғамдастығының өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің барысында ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау және Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесуді облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова ашып, Ақмола ассамблеясының қайырымдылық саласындағы қызметі, медиация, қоғамдық ұйымдармен жасалатын жұмыс туралы ақпаратпен бөлісті.

Облыс кәсіпорындарының, ұйымдарының, тұрғындарының Сандықтау және Атбасар аудандарындағы су тасқындарынан зардап шеккендерге көмек көрсету саласындағы қосқан үлесі ерекше айқындалып өтті. 53 млн. теңгеден астап қаржылық көмек көрсетілді.

Достық үйінде жылдың басынан бастап алты қайырымдылық  аукционы өткізілді, олардан жиналған қаражаттар ауыр науқас балалардың ата-аналарына берілді. Сонымен қатар кездесуде заңнамалық деңгейде шешім таппай жүрген мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде, Ю.Е.Тимошенко депутаттық топтың шешімдер және заң жобаларын  қабылдаудағы қызметі туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесудің барысында мемлекеттің әрбір азаматына қатысты маңызды мәселелер белсенді талқыға салынды. Осылайша облыстық және қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері заң жобасына ауған соғысы жылдарында алған марапаттары бар тыл еңбеккерлерінің, «отты орталардағы» әскери шайқастарға қатысушылардың дәрежесін қайта қарастыруды, оларды ҰОС ардагерлеріне теңестіруді ұсынды. Кездесудің соңында Юрий Евгениевич комиссиялардың қарауы үшін барлық тілектерді жазбаша түрде тапсыруды ұсынды. Кездесу өзара түсіністік жағдайында өткізіліп, болашақ жұмыс үшін тиімді ұсыныстар қабылданды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15