You are here

«Multikulturelle Stadt» азаматтығын алу үшін

16.09.2015, 16:45   1769

Версия для печатиPDF versionEPUB version

“Multikulturelle Stadt: die Einheit in der Vielfältigkeit“ тақырыбында өткен жазғы лагерьге Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінен келіп, қатысқан неміс жастары үшін Мультимәдениет қаласының тұрғындары ретінде өткізген күндер естен кетпес әсер қалдырды.

Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдағы лагерьге келген он төрт жас пен жиырма екі жас аралығындағы жиырма алты адам екі отбасы болып ұйымдасып, «Multikulturelle Stadt»-та 10 күн қонақ болу туралы Bürgermeister-ден шақырту алған. Алайда, Мультимәдениетті қаланың азаматтығын алу үшін отбасылар басқа халықтардың мәдениетімен танысып, халықтық мерекелерді өткізуге белсене қатысуы керек болатын. 

«Бұл формат мен үшін жаңалық болды. Біздің екі «отбасы» болып бөлінуіміз отбасылық ахуал орнатып, балаларды ұйыстыра түсті. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін көрші отбасымен бірге сабаққа қатыстық» - Алена Ренер, Астана

Финалдық сынақтан өту үшін тұрғындар Мультимәдениетті қаланың өміріне толығымен кірігуі керек болатын. Бұл ретте: неміс тілі, тұрмысы, тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктерінің қызметі туралы төрт бағытта алған теориялық және практикалық білімдері көмекке келді.

«Мен осында ұжымдық жұмыс, ҚХА ҚНҚБҚ, Қазақстандағы неміс жастарының одағы туралы қызықты да пайдалы ақпаратқа қанықтым» - Виктория Крафт, Семипалатинск.

«Актерлік шеберлік» қатысушыларды халық алдында еркін сөйлеуді, ал «Этностық шеберхана» оларды басқа этнос мүшесіне айналып, олардың ерекшеліктерін көрсетуге үйретті. Қорытынды іс-шарада олар неміс және қазақ мерекелеріне басымдық бере отырып, Қазақстан этностарының дәстүрлі мерекелерін көрсетуге тиіс болды.   

Лагерьдің соңғы 3 күні Шалқар көлінің жағасында өтіп, онда қатысушылар қорытынды ойын – энкаунтердің барысында, лагерьде алған білімдерін сынақтан өткізді. Одан басқа, лагерь маусымында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып, спорттық, мәдени және жалпы танымдық іс-шаралар өткізді.

«Мұндай лагерьлердің жастарға берері көп, алған дағдылардың болашақта бізге пайдасы тиері анық» - Руслан Шишковский, Астана

«Лагерь ұйымдастырылғаны үшін, саяхаттар мен оқулар үшін, жұлдызды аспан астындағы алау мен шатырларда өткен күндер бәріне де рахмет!» - Алина Коробейникова, Астана.

Алған білімдері мен әсерлеріне, жаңа достар тапқанына, ең бастысы Мультимәдениет қаласының азаматы сертификатына ие болғанына қуанған жастар қимай қоштасып, туған қалаларына аттанды. Жүректерінде – келесі жылы қайта келсем деген арманды ала кетті.

Анастасия Трофимова, Астана

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15