You are here

Менің Қазақстаным – менің Президентім!

29.11.2016, 14:44   429

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайы жанындағы қалалық кітапханада қаланың орта мектептерінің педагогтары мен оқушыларының қатысуымен «Менің Қазақстаным – менің Президентім» диалогтық алаңы өтті.

Іс-шараның өткізілуі Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мысалында өскелең ұрпақтың отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу мақсатын көздеді.

 Аталмыш іс-шараға «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Зере Қиықова қатысты.

Мейрамбек Қиықов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына толығырақ тоқталып, мемлекеттің тәуелсіздік жылдары ішіндегі мемлекеттік тілді қайта өркендету мен дамыту бойынша тарихи жетістіктері туралы айтып өтті.

Көкшетау қаласының №8 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары Артур Мухамедзянов, Тимофеев Илья, Хрипко Лиза, Шайхутдинова Регина, Жұмажанов Дамир, Стенникова Карина, Мушкенова Жанель және басқа да оқушылары өз сөздерімен шынайы қызығушылық тудырды. Ал аталмыш мектептің 7-ші сынып оқушысы Ольга Станкевич өзінің Қазақстан туралы жазған жеке шығармаларын   оқып берді.

Кездесу барысында диалогтық алаңның қатысушылары назарына  «Феномен Президента» бейнефильмінің үзінділері ұсынылды.

Кездесудің модераторы Көкшетау қаласының №8 орта мектебінің тарих мұғалімі Майя Кулбулдина болды. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15