You are here

«Менің Қазақстаным!» деп жүрегіммен жырлаймын»

21.12.2016, 12:34   282

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуге орай Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында  «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен, «Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Менің Қазақстаным» ән байқауын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты байқаудың кішкентай қатысушылары арасында дарынды орындаушыларды анықтау, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау, Ақмола облысында өмір сүретін барлық этностардың ұлттық мәдениеттерін және тілдерін дамыту, қайта өркендету, ұлтаралық келісімді, толеранттық қатынасты насихаттау және достықты нығайту болып табылады.

Байқаудың бағдарламасында Қазақстанның түрлі халықтарының әндері орындалды.

Құрамында Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова, «Ақмола облысының орыс қоғамы» ҚБ төрағасы Александр  Артеменко, Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Ольга Земскова, Көкшетау қаласының Балалар музыкалық мектебінің оқытушысы Сәуле Көкішева және «Ақмола облысының орыс қоғамы» ҚБ ән студиясының жетекшісі Ираида Пермякова болған құзыретті әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Туған жер» әнін орындаған №2 орта мектептің тоғыз жасар дарынды қызы Дария Сапарова бас жүлденің иегері атанды.

Бірінші орын Көкшетау қаласының №14 орта мектебінің оқушысы, «Ассалаумағалейкум!» әнін керемет орындаған 14 жасар Жасұлан Әліби мен «Туған жер» әнін орындаған №13 мектептің оқушысы Венера Шакетоваға берілді. Байқаудың екінші жүлделі орны №11 орта мектептің дарынды оқушысы Вера Рожковаға және №2 мектептің оқушысы, 12 жасар Дарын Бақыткелдіге берілді.

№13 орта мектебінің «Жұлдыз» триосы және №4 мектептің «Самұрық» квинтеті шығармашылық байқаудың үшінші орнына ие болды.

Сонымен қатар Виктория Грудина және Дана Аманжолованың жоғары дәрежеде орындалған әндерін айтып өткен жөн.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ән байқауының барлық қатысушылары дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15