Менің Қазақстаным!

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ақмола облысы орыс қауымдастығының бастамасымен және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қолдауыменен жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында «Менің  Қазақстаным» вокалды әндер байқауын өткізу дәстүрге айналған

Іс-шараның мақсаты ән өнеріне ден қойған дарынды жастардың шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына қолдау көрсету, ұлтаралық татулық пен бірлікті насихаттау мен берік ету, сонымен қоса Ақмола облысында өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің тілі мен мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету болып табылады.

Байқау алдында сөз тізгінін алған Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова қатысушылар мен көрермен қауымға өзінің жылы лебіздерін білдірсе, Ақмола облысы орыс қауымдастығының төрағасы Александр Артеменко аталмыш байқаудың қатарынан үшінші жыл өтіп жатқандығын және осы аралықта көпшілік ықыласына бөленіп үлгергендігін атап өтті.

Байқау бағдарламасына сәйкес, сахнада Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің халық әндері орындалды.  Қазылар алқасының бірлескен шешімі бойынша Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ  педагогикалық колледжінің «Легато» триосы гран-при иегері атанса, жеке орындаушылар Галиева Марьям мен Суйлеменова Ясмина жүлделі орындардан көрінді.

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.