You are here

Күзгі бал

26.09.2017, 10:59   251

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 24 қыркүйекте Көкшетау қаласының Достық үйінде «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Күзгі бал өтті.

Достық үйінің сахнасында бұл күні би ансамбльдері мен әншілер, Тайыншадан келген қыздар тобы, Чкаловодан келген би тобы, Щучинскіден келген София Красько, Шортандыдан келген би ұжымы және «POLANIE» фольклорлық ансамблі (жетекшісі Л.В.Суховецкая) жиналып, қызықты және әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды.

«Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Суховецкий Александр Анатольевич көрермендерге арнаған алғы сөзінде осы мерекенің пайда болуының қысқаша тарихымен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Көрермендер сахнаға шығып, «POLANIE» фольклорлық ансамблінен би билеуді үйрену мүмкіндігіне ие болды. Барлық қонақтар сахнаға Күлбике туралы ертегіге ұқсас биші жұптар шыққан кезде нағыз күзгі балдың атмосферасын сезінді.

Іс-шараның соңында Көкшетау қаласындағы Поляк білім беру орталығының басшысы Суховецкая Людмила Викторовна салтанатты іс-шараға келген қатысушыларға ризашылығын білдіріп, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15