You are here

Көкшетаудағы Сабантой-2017 мерекесі.

26.06.2017, 13:40   343

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Күн сәулесі жарқыраған кезекті сенбі күні қаланың тұрғындары мен қонақтары орман алаңында бір шаңырақ астында жиналды. Оның себебі – жарқын, көңілді және мерекелік Сабантой!

Сабантой – күш пен ептілікті көрсететін, салауатты өмір салтын насихаттайтын, егін жинау құрметіне арналған мереке. Оның көп ғасырлық тарихы бар, өзінің дәстүрлерін әлі күнге дейін сақтап келеді. Мерекенің сипаттамасына келетін болсақ, «Сабантой» сөзі түріктің «сабан» - соқа және «той» - мереке сөздерінен шыққан.      

Ол көктемгі егістік жұмыстарын аяқтау құрметіне маусым айында тойланады. Осы жылы Сабантойдың барлық алаңы тақырыптық аймақтарға бөлінді: сахна, концерт алаңы, фотокөрме, сауда палаткалары және спорт алаңдары.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жақыпова Марал Қажыкенқызы және «Ақмола облысы татарлары мен башқұрлары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сулькарнаев Рафаил Саитович  жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, мерекеге қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Концерттік бағдарламаның шымылдығын халыққа кеңінен танымал «Ғалиябану» ансамблі ашып, «Чинсон» кәріс этномәдени орталығы», «Ақмола облысының «Вайнах» шешен-инғұш қоғамы», «Ақмола облысының орыс қоғамы» және «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктері дайындаған концерттік нөмірлер жалғастырды.

Сахнада пайда болған Татарстаннан келген қонақтар көпшіліктің ықыласына бөленді. Олардың ішінде – Татарстан Республикасының халық әртісі Фердинанд Фатхи және фестивальдердің лауреаты Язиля Мухаммадиев бар. Олар Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың құттықтау сөзін оқып, орталықтың басшысы Рафаил Сулькарнаевқа және Ферая Загрееваға Дүниежүзілік татарлар конгресінің «Татар халқының игілігіне сіңірген еңбегі үшін» медалін табыстады. Татарстан Мәдениет министрлігінің атынан «Ғалиябану» ансамблінің қатысушылары Фарида Ханафиева, Гульсина Фазлыева, Светлана Ибрагимова және Хуррия Фаткеева грамоталарға ие болды.

Оның арасында спорт алаңдарында қол күресі, гір спорты ойындары және т.б. сайыстар жалғасып жатты. «Татарча курэш» күресінің жеңімпазы Қуаныш Досбаев бас жүлде – қойды жеңіп алды. Ержүректер болса бағалы сыйлықтар ілінген бағанға мініп, кейбіреулері сыйлықтарды шешіп алды!

Осы уақытта татар алаңында Ақан-сері атындағы мәдениет колледжінің еріктілері кішкентай бүлдіршіндердің көңілдерін көтерді. Көңілді байқаулар, билер, жарыстар барлық балаларды жиып, олардың ешбіреуі де сыйлықсыз қалған жоқ!

Қатысушыларының пікірі бойынша, Көкшетау қаласындағы Сабантой-2017 мерекесі көп ұлтты, жалпыға ортақ, бірлік, келісім, достық пен еңбек мерекесіне айналды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15