You are here

Көкшетау: пайдалы демалыстар!

05.09.2017, 10:52   134

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осындай атаумен Ақмола облысы поляктарының бірлестігі қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жазғы лагерь Қазақстанның барлық бұрыштарындағы поляк этномәдени бірлестіктерінің жастар қанатын жиды.

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Президент  «Туған жер» бағдарламасы біздің жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз негіздерінің біріне айналатынын атап өткен. «Кіші отаннан үлкен отанға деген махаббат бастау алады». Дәл осы себептен Бурабай ауылындағы «Алмаз» қонақ үйінің базасында 10 күндік іс-шаралар кешені өткізілді.

Күн сайын лагерьдің қатысушылары поляк тілін, хореографияны, елтану мен әртістік шеберлікті үйренді. Жобаның жетекшісі Людмила Суховецкаяның айтуынша, барлық іс-шаралар толеранттылық пен патриотизмді дамытуға, әлеуметтік белсенділікті қалыптастыруға, сенімділік, жауапкершілік, ұйымшылдық сияқты негізгі көшбасшылық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталды. Бурабай бойынша экскурсия өте танымдық және қызықты болып өтті: қатысушылар табиғаты мен тарихы туралы көп жаңа нәрсе білді, өлкенің аңыз-әңгімелерін естіді, Қазақстанның жалпы ұлттық сакральды нысандары тізіміне енгізілген Абылай-хан өлкесіне және Кенесары ұңгіріне барды.

Мерекелік қорытынды іс-шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова, Ақмола облысы поляктарының бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий қатысты, балаларға арнайы түрде келген Польша Республикасының Поляк воеводалығы Маршалдық басқармасының өкілдері өздерінің жылы тілектерін білдірді.

Өз сөзінде Зере Еспаевна осындай іс-шаралардың арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы іске асатынын атап өтті, себебі дәл осы жастар – біздің болашағымыз. Александр Анатольевич тәуелсіз Қазақстанда өмір сүретін әрбір ұлттың бай мәдениетке, көп ғасырлық тарихқа, ұлттық дәстүрлерге ие екенін айтты. Бірақ олардың барлығын бір нәрсе біріктіреді — біздің туған жеріміз Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге талпыну!

Концерттің бағдарламасында тақпақтар мен өлеңдер, театрлық қойылымдар мен грацияға толы полонез болды. Барлық 20 қатысушы жазғы лагерьдің курстарынан өткені үшін сертификаттармен марапатталды. Балалар лагерьдің жыл сайын өткізілуіне тілектес екендерін айтты, себебі олардың көпшілігі Қазақстанның барлық бұрыштарынан жиналған замандастарымен достасып, ең бастысы поляк, қазақ және орыс тілдерінде сөйлеп үйренді!

Татьяна Пяткова

Ақмола облысы әкімінің

аппараты жанындағы

«Қоғамдық келесім» КММ

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 5 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15