«Киізден жасалған кәдесый» жасауға арналған шеберлік сағаты

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының жанындағы халықтық  сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының мүшесі Гүлбара Нұрқанованың жетекшілігімен кезекті шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына Көкшетау қаласының ЖОО-ы студенттері қатысып, киізден кішкентай кәдесыйлы киіз үй жасады. Шеберлік сағаты басталмас бұрын Гүлбара Намазбекқызы жастарға киіз үйдің қазақ халқының көшпелі өмір сүру салтына байланысты пайда болғандығын, оның киізден жасалуының себебі қазақтардың ата кәсібі мал шаруашылығы болғандығын және киіз үй жыл мезгілдерінің әрбіріне бейімделіп жасалатын дөңгелек пішінді тұрғын жайы екендігі туралы айтты.

Киіз үйдің ішкі жиһаздары мен қамтылулары жөнінде жастарға халықтық  сәндік-қолданбалы өнерді дамыту бойынша маман Алтынай Күлжанова әңгімелеп берді. Одан кейін шеберлік сағатқа жиналғандардың барлығы отырып кәдесыйлар жасауға кірісті. Гүлбара Нұрқанованың көрсетуімен қатысушылардың әрқайсысы киізден кішкентай киіз үй кәдесыйларын жасап өздерімен бірге естелік ретінде үйлеріне алып кетуге мүмкіндік алды.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 11 Желтоқсан, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.