You are here

«Қазақстандық немістер» көшпелі көрмесі ашылды

16.09.2015, 16:00   1548

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Немістердің Ақмола облыстық «Возрождение» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 16 қыркүйек күні Достық үйінде «Қазақстан немістері» деген атаумен көшпелі көрме ашылды. Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан неміс халқының алғашқы өкілдері 19-ғасырдың аяғында қазақ жеріне айдалып келген Петербор Ғылым Академиясының мүшелері Г.Ф Миллер, П.С Паллас, Г. Гюлденштедт сияқты ғалымдар, инженер, дәрігер, офицерлер еді. 1926 жылы қазақ жерінде 51 102 неміс ұлтының азаматы тұрып жатты.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанға 444 мыңнан астам немістер жер аударылып, олардың 100 мыңнан астамы сол кездегі НКВД-ның еңбек әскерінде жұмыс істеді. Ауыр қара жұмыс пен ашаршылыққа шыдай алмаған адамдар мыңдап қырылып жатты. Соғыс жылдары ауылдарға қоныстанған немістер біртіндеп еңбекке араласып, өз мамандықтары бойынша жұмыс істей бастады. Олар көмір өндіру, металлургия, мұнай өндіру орындарында еңбекке араласты. Тың игеру жылдары неміс ұлтының азаматтары егін шаруашылығына араласып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Жоғары мемлекеттік наградаларға ие болған өндіріс басшылары да бар.

Неміс ұлтының мәдени өміріндегі айтулы оқиға 1958 жылы неміс тілінде радиохабар таратыла бастауы болды. 1966 жылы «Фройндшафт» басылымы жарық көре бастады. Неміс ұлтынан шыққан суретшілер А.Риттих, А.Фонвизин, Г.Фогеллер, О.Майер бүгінде еліміздің мәдени мұрасының бір бөлшегіне айналды. 1980 жылы 26 желтоқсанда Теміртау қаласында неміс ұлтының азаматтары құраған алғашқы театр өзінің алғашқы қойылымын сахнаға алып шыққан болатын. 1989 жылы бұл тетар Алматы қаласына көшіріліп, бүгінде республикалық дәрежеге ие болып отыр.

1989 жылы Қазақстандағы немістердің саны 957 518 адамға жеткен. 1992 жылы «Возраждение» деген атпен республикалық қоғамдық одақ құрылды. Содан бері бұл одақ Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінде олар өз ұлтының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері ұмытылып қалмауы мақсатында жұмыс жасауда.

Көкшетау қаласында орналасқан «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында «Қазақстан немістері» деген атаумен өз жұмысын бастаған көрме де осы мақсатты көздейді. Қала тұрғындарының 16 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында көшпелі көрмені тамашалауға мүмкіндіктері бар.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15