Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы кеңесінің отырысы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасын әлемдік кеңістіктегі өзге мемлекеттерден ерекшелейтін әрі күллі ел тұрғындарының басты мақтанышы саналатын құндылықтардың бірі – ұлтаралық келісім мен татулық екені даусыз. Мемлекетіміз бар жаһанға ынтымақтастыққа, толеранттылыққа, өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген даму жолын үлгі етіп отырғаны тағы бар. Әрине, ол тұрақтылықтың барлығы, жылдан жылға аясы кеңейіп, ауқымы күшейіп отыратын қажырлы еңбектің арқасында келетінін баршамыз да білеміз. Аталмыш бағыттардағы сұрақтарды реттеуде, жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды маңызды ұйымның орны өлшеусіз. Эконмикамыздың дамуы, халықаралық дәрежедегі беделіміздің үстем болуы, елімізде тұратын жүздеген ұлттар мен ұлыстардың өзара арақатынасы дұрыс бағытта екендігін айғақтайды.

Ұлттар арасындағы береке-бірлікті сақтау және дамыту мақсатын ұстанған жүйелі жұмыстар кешені Ақмола облысы аумағында да белсенді түрде жүргізілуде. Солардың бірі және өзіндік өзектілігі, маңыздылығы жоғарысы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Кеңесінің отырысы болып саналады.   22 қараша күні Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кезекті Кеңесінің отырысы өтті. Кеңес жұмысына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, ҚХАА төрағасының орынбасары  Жақыпова Марал Қажыкенқызы, Аналар кеңесінің төрайымы Қиықова Зере Еспайқызы, ҚХАА-ның жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы Қапышев Ардақ Қайыржанұлы,  ҚХАА мүшелері, облыстағы белсенді этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес мүшелері күн тәртібінде тұрған негізгі үш мәселе бойынша сөз қозғады. Олардың алғашқысы «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы» туралы болды. Нақтырақ айтқанда, Кеңес қатысушыларына ҚХАА хатшылығының меңгерушісі М.Қ. Жақыпова  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын «Атамекен» бағдарламасының облыс аумағында жүзеге асырылу барысы жайында мол ақпарат беріп өтсе, «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық бөлімінің қызметкері С.Г.Егикян қазіргі таңда күллі республика көлемінде іске асырылып жатқан «Қазақстанның 100 есімі» жобасы бойынша осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.

«Қазақстан Республикасның «Қазақстан халқы Ассмблеясы туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша күн тәртібіндегі келесі мәселе аясында отырысқа қатысушыларға ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы А.К.Қапышев заң жобасында көрсетілген жекелеген баптар мен тармақтарға кеңінен тоқталып, түсініктемелер беріп өтті.

Кеңес отырысының үшінші бөлігінде отырысқа қатысушылар ҚХАА  XX сессиясын ұйымдастыру және өткізу жұмыстары, ҚХАА мүшелері мен ҚХАА Кеңесі мүшелерін ротациялау мәселелері, этномәдени бірлестіктерден ұсынылатын ҚХАА төрағасының орынбасарын ротациялау мәселесі сияқты сауалдар көтерілді.

Жалпы Кеңес жұмысының барысы өте ауқымды әрі бүгінгі күні өзекті саналатын сауалдарды қамтыды деп айтуға толық негізіміз бар. Кеңес мүшелерінің ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті негіз еткен егемен еліміздің  қарқынды түрде дамуына қосқан және әлі де қосар үлестері мол екендігіне сеніммен қараймыз.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.