You are here

Ингушетия Республикасындағы мәдениет күні

31.05.2017, 14:06   227

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Көкшетау қаласында жуырда Ингушетия Республикасындағы мәдениет күні өткізілді. Ұйымдастырушылар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Ақмола облысының «Вайнах» шешен-инғұш қоғамы.

Қоғамның жастар қанаты белсенді жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Оның мүшелерінің өнерпаздығы мен қоғамның үйлестірушісі Лейла Черкиеваның қолдауы арқасында мерекелік бағдарламаның өте әсерлі болғандығы рас.

Дәстүр бойынша, сөз ақсақал  Герихан Точиевке беріліп, ол Қазақстанға күштеп қоныс аударту кезінде ата-бабаларының осында келгенін, бірақ қазақтардың толеранттығы мен досжандылығы арқасында  осы жердің қоғамына сіңсіп кеткенін айтып өтті. Ал қазіргі уақытта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты арқасында әрбір ұлт өзінің мәдениетін, салттары мен дәстүрлерін сақтап, соның өзінде Тәуелсіз мемлекеттің біріңғай халқы болып қала берді.

Концерттік бағдарлама өзінің алуан түрлілігімен тамсандырды: би ансамблінің ұлдар тобының керемет биі, қыздардың әсерлі және нәзік биі, ұлттық киімдердің көрсетілімі. 

Әнші қыздар Мадина Тумгоева мен Диана Тепсуркиеваның құлақ құрышын қандырар әндері ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ!

Шешенден мен инғұштардың Ұлы отан соғысына қатысуы туралы бұрыш өте мазмұнды болды: екі мыңнан астам шешендер мен инғұштар майданда қайтыс болған. Брест қамалын қорғауға Шешен-Инғұш елдерінен шыққан шамамен 400 азамат қатысты. Брест қамалын қорғаушылардың бірі Магомед Узуевқа өлімнен кейін 1996 жылы Ресей Федерациясының Батыры атағы берілді. 

Ақмола облысында қазіргі уақытта аталмыш ұлттың өкілдері өмір сүріп, еңбек етуде: ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, спортшылар және т.б. Барлығы үшін Қазақстан туған үйге айналды.

Өз сөзінде «Вайнах» шешен-инғұш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев қоғамның жоспарларымен бөлісіп, келушілерге мықты денсаулық, жақсылық, бейбіт аспан тілеп, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін қалайтынын айтты.

 

Татьяна Пяткова,

Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ әдістемелік бөлімнің басшысы.

Сурет авторы Татьяна Пяткова.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15