You are here

Ғылым жолындағы кездесу

27.09.2017, 18:46   218

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 25-26 қыркүйекте «Қайта өркендеу» Қазақстан немістерінің қауымдастығының қызметін ғылыми сүйемелдеу. Ғылыми кездесулер, баяндамалар мен презентациялар» жобасы аясында Ақмола облысының «Wiedergeburt» немістер қоғамына философия ғылымдарының докторы, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің тарихшысы, Гёттингенск зерттеу орталығының атқарушы директоры, Ресей мен ТМД елдеріндегі немістерді зерттеу бойынша ғылыми комиссияның төрағасы Альфред Айсфельд келді.

25 қыркүйек күні «Wiedergeburt» немістер қоғамының келушілерімен және қонақтарымен дәріс өткізіліп, онда доктор Айсфельд орыс және неміс тілдерінде жазылған, Қазақстандағы немістердің тарихына, мәдениетіне және қазіргі заманғы жағдайына арналған ғылыми-танымал кітабын ұсынды.

Кітапты тарих ғылымдарының докторы Альфред Айсфельдтің басшылығымен интернационалдық авторлық ғалымдар ұжымы дайындаған.

26 қыркүйекте доктор Айсфельд Ш.Уәлиханов атындағы КМУ шет тілдері кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне арнап дәріс оқып, кітаптың тұсаукесерін өткізді.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап «Қайта өркендеу» Қазақстан немістерінің қауымдастығының, Ақмола облысының «Wiedergeburt» немістер қоғамының арқасында және университет басшылығының қолдауымен «Неміс тілі» курсы қайта ашылды. Курстың студенттері Немістер қоғамдастығының гранттық қолдауына ие.

Кездесудің қорытындысы бойынша доктор Альфред Айсфельд әрі қарай серіктестік жасау, Қазақстан немістерінің тарихы мен мәдениеті бойынша «Неміс тілі» курсына арнап әдістемелік құрал әзірлеуді жоспарлап отыр.

Е.Татаринцева

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15