You are here

Денсаулық – зор байлық!

05.09.2017, 10:58   166

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 14-21 тамыз аралығында Ақмола облысы Бурабай ауданы Қатаркөл ауылындағы «Чайка БСО» жастар лагерінде Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіруші кеңесінің және «Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен казактар мен казак спасының дәстүрлі физикалық мәдениеті бойынша IX cеминар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты рухани – адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу жүйесін сақтауға, дамытуға және нығайтуға бағытталған жасөспірімдердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту, сауықтыру, өзін-өзі таныту үшін жағдайлар жасау болды.

Семинарды аша отырып, Ақмола облысының орыс қоғамының төрағасы Александр Артеменко семинар бағдарламасының ерекшелігі толыққанды, рухани бай жеке тұлғаның қалыптасуында басты рөл атқаратын дәстүрлі казак мәдениеті, әскери-патриоттық және рухани-адамгершіліктік тәрбиелеу сияқты үш бағыттың үйлесімділігі болып табылатынын атап өтті.

Қазақстанның Орыс қоғамының жауапты хатшысы, Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіруші кеңесі төрағасының орынбасары С.В. Машканцев те семинардың ашылуымен құттықтап, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы Серік Сәдуақасов біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне жасалған істе әрі қарай жетістіктерге қол жеткізуге тілек білдірді.

Дәстүр бойынша, казактардың күн тәртібі әскери түрде нақты болды: сабақтар таң атпастан басталып, күні бойы теориялық және практикалық білімдер алмасып отырды. Балаларға негізінен қоян-қолтық ұрыс тәсілдері, қолмен және аяқпен ұру техникасы, лақтыру мен ауырулық бақылау, қылыш пен қамшыны басқару бойынша сабақтар ұнады.

Семинардың барлық қатысушыларына казактардың дәстүрлі физикалық мәдениеті, жер бауырлап жылжу және Казак Спасы бойынша IX Семинарға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 5 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15