You are here

«Бұл - шынымен де сұлулықтың өзі....»

14.12.2016, 17:10   139

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойлы күнін тойлаудың аясында және «25 жұлдызды күн» жалпы республикалық акциясының шеңберінде Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында (Достық үйі) алғаш рет Көкшетау қаласының әйгілі суретшісі Маржықов Жанұзақтың графикалық жұмыстарының  «Ұлы дала тынысы» атты көрмесі ашылды.

Суретшінің шығармашылығындағы басты ерекшелік - оның туған жерге, халыққа, табиғатқа деген махаббаты. Оның өзінің қайталанбас қолтаңбасы бар. Ол сызықтардың дәлдігі мен ықтияттылықты талап ететін ақ-қара түсті графикалық суреттің ықшамды стилін ұнатады..

Жанұзақ Қалиұлы балалық шағынан сурет салатын. Өнерге деген шабыт оған әке-шешесінен дарыған. Әкесі Қали қолөнер шебері, ал анасы тігінші, әдемі кілемдер тоқумен айналысып, белгілі шеберге айналған. Суретшінің қылқаламмен және тушпен орындалған алғашқы суреттері алдымен мектеп газетінде, кейін «Қазақстан пионері» республикалық газетінде жарияланған. Мектепті тәмамдағаннан соң Жанұзақ өзінің туған ауылы Қызыл – Әскерден Алматы қаласына жол салып, ондағы суретшілер училищесіне оқуға түседі.

Біздің өнерпазымыздың шығармашылық тағдырындағы басты кезең - оның Североморск қаласындағы (Солтүстік теңіз) флотта өткен әскери қызметі болып табылады.

Туған даласынан алыс жерде, жауынгерлік тынығудың сирек кездерінде Жанұзақ Солтүстік шұғыланың ғажайып көрінісін және теңіз ағынының алыс жағалауларын тамашалаған. Ол өз шабытын қанағаттандыру үшін суреттер салып, оларды флоттың бейне студиясының жетекшісі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Александр Сергиенкоға көрсетті. Ал біршама уақыт өткен соң оның суреттері алдымен флоттық газетте, кейін облыстық «Полярная правда» газетінде жариялана бастады.

Жанұзақ Қалиұлы суретші-график ретінде ғана емес, сонымен қатар ағаштан таң қалдырарлық бұйымдар жасайтын ағаш ою шебері ретінде, сонымен қатар тілі бай сөз шешені ретінде танымал, себебі оның мақалалары облыстық және қалалық газеттердің беттерінде әлі күнге дейін жарияланып келеді.

Оны бейнелеу өнерінің өзіндік шебері деп атайды. Жанұзақ Қалиұлы көптеген облыстық және қалалық байқаулар жүлделерінің иегері, Көкшетау қаласының 175 жылдығына арналған «Көкшетау – дарындылар қаласы» байқауының жеңімпазы.

Суретшімен болған кездесуде танымал көкшетаулық тілші Лариса Аитова «Степной маяк» газетіндегі өздерінің бірігіп атқарған қызметі туралы жақсы естеліктерімен бөлісті. Лариса Ханафиевнаның өзінде ұзақ жылдар бойы сақтаған өз жұмысын көрген кезде суретші таң қалды.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Манат Исмағұлов басшылықтың атынан суретшіні жеке көрменің ашылуымен құттықтап, салтанатты іс-шарада оған алғыс хат тарту етті.

Көкшетау қаласының танымал суретшісі, Көкшетау облыстық Суретшілер одағының төрағасы Юрий Попов суретшіге өзінің тілек сөздерін білдірді. Іс-шараға Ж. Мусин атындағы Көкшетау қаласының Қазақ педагогикалық колледжінің студенттері, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы халықтық-қолданбалы шығармашылық қауымдастығының мүшелері, шақырылған қонақтар белсенді қатысты.

«Суретші үшін барлығы ғажап, себебі әрбір жаратылыста, әрбір затта оның зерек жүзі оның сипатын ашады, яғни сыртқы пішімді жарып өтетін ішкі ақиқатын айқындайды. Және бұл ақиқат – сұлулықтың өзі»,- белгілі француз мүсіншісі Огюст Роденнің осындай шешендігін суретші Жанұзақ Маржықовтың шығармашылығына қатысты айтуға болады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15