You are here

Буинск татар сатира театры Көкшетау қаласына келді

09.10.2017, 18:15   309

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары» қоғамдық бірлестігінің шақыруы бойынша 2017 жылғы 6 қазан күні Көкшетау қаласының Мәдениет сарайында, облыстық орыс драма театрының сахнасында Татарстан Республикасының Буинск татар сатира театрының театрлық қойылымдары өткізілді.

«Буинск мемлекеттік драма театрының» қарқынды шығармашылық өмірі сонау 2007 жылы Татарстан Республикасының лайықты әртісі, көркемдік жетекші-директор Садриев Раиль Ильдаровичтің басшылығымен бастау алған. Сол кезден бастап қазіргі күнге дейін жас ұжымның 70-тен астам қойылымдары бар.

Бүгінгі таңда театрда Татарстан Республикасының әртістері Зарипов Азат Анасович, Муртазин Фирзар Султанович, сонымен қатар Муртазин Ильсур Султанович, Шарафутдинова Амина Касымовна жұмыс істейді. Жастардың ішінде: Гульзада Камартдинова, Булат Гараев, Ильфир Султанов, Наиля Имангулова, Гульназ Гизатуллина, Ильяс Киньягулов, Рима Хамидуллина, Ирек Гайнетдинов, Аниса Сагеева. Олардың барлығы өте талантты және халық олардың қатысуымен өткізілген қойылымдарды ілтипатпен  қабылдайды.

Көкшетауда өткен қойылымдардың ішінде: татар тіліндегі «Кияүләр» музыкалық комедиясы, балаларға арналған «Доктор Айболит» қуыршақтар театры және жасөспірімдерге арналған «За розовым туманом» қойылымы болды.

Әр ғасырдың өз кемшіліктері бар. Нашақорлық пен жетім-жесірлік – біздің заманның дерттері. “За розовым туманом” қойылымы – тағдыр талқысына түскен жетім балалар туралы қойылым. Қойылымда көрсетілетін оқиғалар көпшілігіміз елемеуге тырысатын біздің күнделікті өмірімізді көрсетеді. Оны тамашалай отыра, көп нәрсеге толғаныспен қарауға болады: тастанды балалардың тағдыры мен өмірі туралы, қоғамның немқұрайлығы мен тағы көптеген мәселелер туралы. Дәл осылай осы театрдың әрбір қойылымы терең мағынаға толы. «Кияүләр» музыкалық комедиясының барлық көрермендердің көңілдерін көтергені рас.

Қойылым аяқталған кезде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жақыпова Марал Қажыкенқызы және «Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сулькарнаев Рафаил Саитович театрдың режиссері мен әртістеріне естелік сыйлықтар табыстап, өздерінің шексіз алғысын білдіріп, Қазақстанның басқа қалаларында өткізуге жоспарланған гастрольде әрі қарай сәттілік тіледі.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 9 Қазан , 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15