You are here

Біздің жолымыз бір....

29.06.2017, 11:08   93

Версия для печатиPDF versionEPUB version

28 маусым күні «Қоғамдық келісім» КММ – Қоғамдық келісім сарайына белгілі қоғам қайраткері, жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай келді. Аталмыш кездесу «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Қазақстанның Жазушылар одағы мүшелерінің өңірлерге жол жүруі шеңберінде өткізілді.

Кездесудің қатысушылары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының белсенділері мен құрылымдары: аналар кеңесі, журналистер клубы, шеберлер қауымдастығы, ғылыми-сараптық топ, қоғамдық пікір көшбасшылары. Кездесудің басты мақсаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын дамыту, насихаттау, іске асырылуының барысын талқылау болып табылады.

Кездесудің модераторы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жақыпова Марал Қажыкенқызы кездесуді аша отырып, іс-шараның ақпарат пен байланыс күнінде өткізіліп отырғанын атап өтті: «Дәл осы журналисттер мемлекетті дамыту бағдарламаларының сәтті іске асуына, қоғамдағы тұрақтылықтың нығаюына, мемлекеттің халықаралық беделінің артуына салмақты үлес қосуда».

Тұрсын Жұртбай, белгілі қоғам қайраткері, жазушы, филология ғылымдарының докторы әдеби сыншыл, аудармашы болып табылады. 16 жыл бойы ол Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығын басқарып келеді. 50-ден астам кітап пен ғылыми монографиялардың, 900-ден астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.  Өз сөзінде ол рухани саланың – жаңғырудың негізі екенін атап өтті. Саяси және экономикалық жаңғырудың жетістігі бірінші кешекте қоғамдық сананың деңгейіне тәуелді, онда рухшылдық басым болып табылады. Осы себептен рухани жаңғыру бүгінгі күні ең өзекті мәселе болып табылады.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, жазушы Терещук Виктор Александровичтің айтуынша, Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында көрсетіліп өткен қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық алты бағыты – ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім, Қазақстанның эволюциялық дамуы Қазақстанның мәдени саясатының дамуы бағыттарын айқындайды.

Сонымен қатар кездесуде жуырда ғана ашылған «Абай» клубының мүшелері – Көкшетау қаласының № 11 мектеп-гимназиясы оқушыларының болғанын мақтанышпен айтып өтуге болады. Клуб мүшелері «Туған жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы айтып берді: балалар 10 күнде Солтүстік-Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаевтың туған жерінде тұрып, қазақ халқының мәдениетімен, дәстүрлерімен танысқан. Ол өз кезегінде туған жердің тарихын біліп, киіз үйде тұрып, жергілікті тұрғындардың ас үйімен, бай мәдени мұрасымен танысуға жол ашты.

«Туған жерге, оның мәдениетіне, салттарына, дәстүрлеріне ерекше қатынас – ол патриотизмнің маңызды белгісі. Ол кез-келген ұлтты жеке тұлғалардың жиыны емес, біртұтас ұлт ретінде дамытатын мәдени-генетикалық кодтың негізі» деп, - Тұрсын Жұртбай атап өтті.

Іс-шараның қорытындысында Тұрсын Құдакелдіұлы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясына алғыс білдіріп, өзінің авторлық кітаптарын тарту етті. Өз кезегінде, Марал Қажыкенқызы барлық қатысушылардың атынан естелік сыйлықтарын табыстады. Кездесу ұлы Абайдың өлеңін оқумен аяқталды.

«Қызықты әңгімелесуші және біртума тұлға. Кездесу танымдық және қызықты болып өтті! Біздің Достық үйінде осындай кездесулердің жиі өтуін тілеймін!», - деп «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің басшысы Күлтай Кәрімжанқызы өз пікірімен бөлісті.

Солай ақ болсын! Жаңғырудан бастап тәуелсіз Қазақстанның дамуы игілігіне қарай Біздің жолымыз бір!

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15