You are here

Бавария үрмелі музыкасы ансамблінің көнцерті

17.07.2017, 20:45   283

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 14 шілдеде Ақмола облыстық филармониясында облыс әкімдігінің қолдауымен және Көкшетау қаласының «Видергебурт» немістер қоғамы мен Астана қаласындағы Германия елшілігінің ұйымдастыруымен Бавариялық үрмелі музыка қауымдастығының үрмелі ансамблінің концерті  өткізілді. Ансамбль 2017 жылдың мамыр айында Германияның ұлттық күні аясында ЭКСПО-дағы өнер көрсетуінен кейін музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Бавария мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. Одан кейін ансамбль Көкшетау қаласының жұртшылығын бавария дәстүрлерімен және музыкасымен таныстырды.

Бұл концерт Германия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толуына арналған іс-шаралар қатарындағы кезекті оқиға болды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Каппель Егор Яковлевич өзінің алғысөзінде біздің мемлекеттер арасындағы мәдени қатынастарды дамытудағы аталмыш іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Германия елшісі Рольф Мафаэль мырза Көкшетау қаласының немістер қоғамына концертті ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Демалыстар мезгіліне қарамастан, көрермендер залы тыңдаушыларға  лық толды. Өйткені қоса бавария әнін сүйіп тыңдаушылар үшін кіру тегін болды. Бір жарым сағаттық концерт бір мезетте өткендей болып, ансамбль мүшелері түрлі үрмелі аспаптарды аса шеберлікпен қолдана білді. Жас музыканттар дәстүрлі ғана емес, сонымен қатар классикалық және заманауи музыканың барлық көрінісін көрсете білді. Барлық орындалған шығармалар көрермендерді немқұрайлы қалдырмай, тіпті кейбір әуендер аяқталған кезде олар орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15