You are here

Балапандарға арналған мерекелік іс-шара

23.12.2016, 14:47   594

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылдың 21 желтоқсанында Көкшетау қаласының тау баурайында орналасқан «Ани» мейрамханасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шараның ұйымдастырушылары облыстық ҚХА, «Бари» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, облыс әкімшілігі, «Нұр Отан» партиясы, облыстық мәслихат, «Көкшетаудың арнайы олимпиадасы» қоғамдық бірлестігі.

Іс-шара мақсаты - арнайы олимпиада қозғалысын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қоғамның назарын аудару, осы санаттағы адамдарды қоғамға тарту, оларға қолдау көрсету.

Аяз Атаның, «Ақмола облысының «Думан» педагогикалық жасағы» қоғамдық бірлестігінің қатысушылары, «Қоғамдық келісім» КММ  қызметкерлерінің қатысуымен өткен қызықты жаңа жылдық іс-шара желтоқсанның аязды күніне қарамастан, балалардың езуіне күлкі мен жадында ұмытылмайтын күн сыйлады!

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15