You are here

С.В. Кулагин

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Кулагин Сергей Витальевич, 1952 жылы туған, білімі жоғары. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты.
Еңбек жолын 1966 жылы Целиноград облысы, Астрахан ауданы, Николаев кеңшарының жұмысшысы болып бастады.
1981 жылғы қазанда Астрахан ауданы Қызылжар кеңшарының директоры болып тағайындалды. 
1984 жылғы қазаннан бастап Алексеевск аудандық халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы, аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1986 жылғы қазаннан бастап Целиноград облыстық атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
1990 жылғы желтоқсаннан бастап Торғай облыстық халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 
1992 жылғы ақпанда Торғай облыстық әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
1993 жылғы маусым мен 1994 жылғы маусым аралығында - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 
1994 жылғы шілде мен қазан аралығында - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.«Интеграция-Целина» халықаралық қорының президенті болған. 
1998 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.
1998 жылғы қыркүйектен бастап 2004 жылғы наурыз аралығында – Ақмола облысының әкімі. 
2004 жылғы наурыз бен 2012 жылғы қаңтар аралығында –Қостанай облысының әкімі.
2012 жылғы қаңтардан бастап 2014 жылғы мамыр аралығында - ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 
2014 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.
«Отан», ІІ жән ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, медальдармен және мерейтой медальдарымен марапатталған.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15