You are here

Ассамблея туралы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының

құрылымы мен қызметі туралы

ақпарат

2014 жылғы 1 қарашадағы әлеует бойынша Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының саны 117 адамды құрайды. ҚХАА құрамына этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың, БАҚ  басшылары кіреді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Заңына сәйкес, лауазымы бойынша облыс әкімі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы болып табылады. Аппарат (хатшылықтың)меңгерушісі өзінің мәртебесі бойынша облыстық ассамблея төрағасының орынбасары болып келеді.

Ассамблеяның мақсаты – қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық бейбітшілікті, ұлттық бірлікті қамтамасыз ету.

Ассамблея қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары – этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесу тиімділігін қамтамасыз ету, қоғамдағы этносаралық келісім мен шынайы қатынасты одан әрі нығайту үшін оңтайлы жағдай жасау; Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттерін, тілдерін және әдет-ғұрыптарын жаңғырту, сақтау және дамыту; қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына ат салысу.

Ассамблея Сессиясы, ассамблея Кеңесі, ассамблея Хатшылығы-аппараты ассамблея құрылымын құрайды.

Сессия қажеттілігіне қарай кем дегенде жылына бір мәрте шақырылады.

Сессия арасындағы уақыттарда ассамблея басшылығы ассамблея Кеңесін өткізеді.

Ассамблея хатшылығы ассамблеяның жұмыс органы болып табылады.

Ассамблея хатшылығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы №70 «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» Заңын және Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Ережесін басшылыққа алады. 

Облыстағы этносаралық және конфессияаралық қатынас туралы мемлекеттік саясатын жүзеге асыруды қаматамасыз ету үшін Ақмола ассамблеясының Хатшылығы барлық мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен, саяси партиялармен, ардагерлер мен жастар ұйымдарымен өзара бірлесе еңбек ету үстінде.

Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы шешімдерін, Ақмола ассамблеясы Кеңесінің шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің және облыс әкімінің ұлттық бірлікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, Қазақстандағы мәдени-тіл саналуандығын сақтау мәселелеріне қатысты шешімдерін орындау бойынша іс-шаралар Жоспарын үйлестіреді. Облыста өз халқының мәдениетін, тілін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін насихаттап, дамытумен айналысатын 45 этномәдени бірлестік тіркелген, оның ішінде 20 бірлестік Көкшетау қаласында орналасқан. Олардың шығармашылық қызметін ұйымдастыруда Көкшетау және Степногорск қалаларында Достық үйлері, Зеренді ауданында Достық ортралығы қызмет етеді.

Жыл сайын этномәдени бірлестіктерге іс-шараларды өткізуге және ұлттық сахналық костюмдерді тігуге бюджеттен 5 млн т. сомасында ақшалай қаражат бөлініп тұрады.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанында қоғамдық негізде құрылған:

- ғылыми-талдау орталығы (орталық төрайымының орынбасары - Митчинова Нина Ивановна) – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қызметін ғылыми жағынан қоса жандандыру мақсатында;

- тілшілер клубы (клуб төрайымы – Мякота Александра Владимировна) – мемлекеттік ұлттық саясат мәселелерін кең жандандыру, этносаралық келісімді насихаттау, қазақстандық патриотизмді насихаттау, Ақмола облысында тұратын этностар арасындағы төзімділік қатынасын жандандыру мақсатында;

- балалар және жастар ұйымының ассоциациясы(ассоциация төрайымы Галлямова Дина Владимировна) - жастар арасында ұлттық бірлік, келісім, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу идеяларын қалыптастыру мақсатында;

- аналар Кеңесі (кеңес төрайымы Қиықова Зере Еспайқызы) – неке және отбасы институтын, отбасылық дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында;

- мемлекеттік тілді насихаттау орталығы (орталық төрайымы Юмакулова Алена Анатольевна) – тұрғындардың қазақ тілін оқуға деген позитивті қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастырып, өткізу мақсатында.

-қолданбалы өнер шеберлерінің ассоциациясы(ассоциация төрайымы – Яроцкая Людмила Васильевна) – халық кәсіпшілігін, халықтық декоративті-қолөнер шығармашылығы шеберлерінің шығармашылық әлеуетін одан әрі дамытып, қолдау мақсатында.

«Достық» депутаттық тобы Ақмола облысы мәслихатының қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша партия аралық қызметті нығайту мақсатында құрылды.(басшысы - «Той Дастархан» ЖШС директоры Мащинская Елена Ивановна). Өңірдегі ұлттық бірлікті нығайту мен сақтау бойынша жұмыстардың жоспары бірлесе әзірленді.

Одан да тиімді еңбектену үшін және жағдаятты орнында зерттеу мақсатында 2011 жылдың қаңтарынан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Кеңес отырысымен барлық пайда болған және бар мәселелердің шешілуі қарастырылып, өзара әрекет ету тактикасы өндірілетін шығу іс-шаралары тәжірбиеленуде.

Ұлттық бірлікті нығайтуға, мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарылатуға, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған қызметтерді жүзеге асыру мақсатындаАқмола ассамблеясы мүшелерінен (11 адамнан) 10 жұмыс тобы құрылды

Қазіргі таңда облыстық ассамблея өзінің жұмысына саяси партияларды, ардагерлер мен жастар ұйымдарын, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып, тұрғындардың барлық топтарын қамтуға тырысады.

2012 жыл 17 қаңтарда Ақмола облыстық кәсіподақтар федерациясы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының арасында еңбек ұжымында ұлттық бірлік идеясын қалыптастырып, тарату мақсатында өзара әрекеттесу және бірлесе еңбек ету туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан халқына Президент жолдауын, Қазақстанның ұлттық бірлік Доктринасын түсіндіру мақсатында облыста жыл сайын Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, Ақмола ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің басшылары кіретін ведомство аралық ақпараттық-насихаттау топтары құрылып отырады.

Ақмола облысы ассамблеясында этномәдени бірлестіктер және ғылыми-талдау орталығымен бірлесе азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтауға және нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Оның ішіне оқу-әдістемелік бағыттағы семинарлар, тренингтер, конференциялар, акциялар, фестивальдар кіреді. Мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктерге көмек ретінде өңірдегі азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтауға және нығайтуға бағытталған идеологиялық сипаттағы ақпараттық-әдістемелік жинақ шығарылымы жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы құрамында 5 мыңнан жоғары студенттер мен мектеп оқушылары бар балалар және жастар ұйымдарымен бірлесе жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, жастардың төзімділік сезімін дамытуға және демократиялық мәдениетке, белсенді азаматтық позицияның қалыптасуына бағытталған іс-шаралар өткізіледі.   

Екінші жыл қатарынан балалар және жастар ұйымымен бірлесіп «Ассамблея – путь к единству» атты мега-жоба жүзеге асырылып келеді, оған Көкшетау қаласының барлық мектептері, колледждері мен ЖОО-ы қатысады.

Мемлекеттік тілді дамыту маңызды бағыт болып қалады. Облыста екінші жыл қатарынан мемлекеттік тіл Фестивалі өткізілуде, оның аясында қазақ тілі бойынша білімдерін тексеруге арналған байқаулар, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен конференциялар өткізіліп тұрады. «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің жанында қазақ тілін оқыту сыныптары жұмыс істейді.

Облыста басқа этностардың да дамуына жағдай жасалған. Қазіргі таңда облысымызда этномәдени бірлестіктердің жанында ана тілдерін оқыту бойынша 5 жексенбілік топ, 2010 жылдың қыркүйегінен Көкшетау қаласында Қазақстан халықтарының 8 тілі оқытылатын «Шаңырақ» тілдерді оқыту Мектебі қызмет етеді.

Қоғамдағы шынайы қатынасты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады.

Мемлекеттік ұлттық саясат мәселелерін, этносаралық келісімді насихаттауда, қазақстандық патриотизмді насихаттауда, облыста тұратын этностар арасындағы өзара шынайы қатынасты кең жандандыру мақсатында облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде түрлі-түсті форматта арнайы қосымшалар шығарылымы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, аудандық және қалалық газеттердің беттерінде «Бір ел – бір тағдыр», «Біз - қазақстандықтармыз» атты айдарлар жұмыс істейді, басқа газет беттерінде де этносаралық келісім мәселелеріне қатысты материалдар жарияланып тұрады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15